USD
USD
USD

Ақтөбеде өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбеде өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 қазаннан 30 қазанға қараған түні белгісіз адам Ақтөбе қаласының Өрлеу тұрғын алабындағы үйдің ауласының алдынан 56 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі Ваз-2110 автокөлігін жасырын айдап кеткен.

Көлік иесі кешке есігі кілтпен жабылған көлігін үйінің жанына қойып, таңертең орнынан таппай, полицияға хабарласқан.  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері сол күні Ақтөбе қаласы К.Нокин даңғылындағы бау-бақша ұжымының жанынан ұрланған автокөлікті тапты. 

Осы факті бойынша күдікті ретінде бау-бақша ұжымының 26 жастағы тұрғыны анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін мойындап, автокөлікті терезесін сындыру арқылы ұрлағанын жеткізді. Жігіттің айтуынша, өз көлігі істен шыққан соң, оны үйіне сүйреп жеткізу мақсатында ол өзгенің автокөлігін айдап әкеткен.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған автокөлік тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.