USD
USD
USD

Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көліктің жүргізушісі сотталды

Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көлікті тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Ол екі жарым жыл түрмеде отырады, деп хабарлайды КТК.

Ақтөбеде оқушыларды жарысқа апара жатып аударылған көліктің жүргізушісі сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Нұрбек Айбекұлы Жұмекешов ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін "кінәлі" деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мираш Жүгінісова.

Еске салайық, бұл оқиға осыдан тоғыз ай бұрын Темір ауданында болған еді. Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге жарысқа шыққан Toyota Estima көлігі аударылып, көлікте болған тоғыз оқушы мен жаттықтырушы зардап шекті. Бір бала оқиға орнында қаза тапты. Екі бала орташа ауыр дәрежеде, 4 бала және жаттықтырушы ауыр жарақат алды. 

Қазір бапкер Алматыда емделіп жатыр. Осы бапкердің еміне сотталушы 5 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс және тағы да басқа шығынға қатысты іс тағы азаматтық сотта қаралады. Бірақ жәбірленуші тарап мұнымен келіспей отыр. 

"4 миллион 470 мың беріп отырмын. Әр жағына 5 миллион тағы беріп отырсыздар. Мен 10 миллион беремін ғой сонда. Онымен қоймай өзі сотталып кетеді. Мен үш баланы бағамын ба, 5 миллионды төлеп беремін бе?!", – деді сотталушының әйелі.

Қазір оқып жатыр

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana

Оңтүстікте субсидияға бөлінген 103 млн теңге жымқырылған: бір күдікті қамауға алынды

Ақша

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Әділ Тілектес