USD
USD
USD

Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды

Ақтөбеде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды. Бірнеше адам ауруханаға түсті.

Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 10 желтоқсан күні саға 17:30-да тіркелді. Мұнай өндіретін компаниялардың біріне тиесілі «КамАЗ-21099» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі кен орнынан шығып, Темір ауданы, Кеңқияқ кентіне бағыт алды. Ол жолда рульге ие бола алмай, аударылып қалған.

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен түрлі дене жарақатын алған 6 жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізілді. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кеңқияқ ауылдық ауруханасы қызметкерінің мәліметіне сүйенсек, бәрінің жағдайы жақсы.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе