USD
USD
USD

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін түсіндірді

Ақтөбе облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аула ішінде туды өртеген. Қызметкерлер әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнематериалға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желіде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері аула ішінде ту өртеген видео тарады. Бұл видео көпшіліктің ашуын туғызды.

"Ақтөбе Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 12 қыркүйекте арнайы комиссия есептен шығарған туды жақты. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жарамсыз болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туларын және оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртелді", - деп хабарлады мемлекеттік мекеме басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Қазір оқып жатыр

«Қызғаныштың кесірі»: Жамбыл облысында медицина қызметкері қаза тапты

адам өлімі

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau