USD
USD
USD

Ақтөбеде мектептен өрт шықты

Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде мектептен өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелді.

112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.

«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, қысқа тұйықталуға жол бермеу ережесін қатаң сақтаған жөн.

Мәселен, электр сымдарының, ажыратқыштардың жарамдылығын үнемі тексеру керек.

Сонымен бірге ұшқын шығаратын және сынып тұрған розеткалар мен ажыратқыштарды қолданбаған дұрыс. Электр тогымен жұмысты арнайы мамандар атқаруы тиіс.

«Розеткаларды электр құрылғыларымен толтырмаған жөн. Электр желісіне шамадан тыс жүк түссе, автоматты өшіру құрылғысы маңызды рөл атқарады. Үйде жөндеу және шаруашылық жұмыстарын мұқият жүргізіңіз»,- деп ескертті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park