Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті
Ақтөбе қаласында мектеп оқушысы жоғалып кетті.
Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында мектеп оқушысы жоғалып кетті. Қазір полиция мен еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2010 жылы туған Айзере Тілепбергенова Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесіндегі үйден кеше сағат 20:00-де шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір еріктілер мен полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Бұл отбасы таяуда Ақтаудан көшіп келген. Ол 7 сынып оқушысы. Қазір патрульдік полиция, еріктілер тобы іздеу жұмысын жүргізіп жатыр",- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
"Полиция, мұғалім, еріктілер саны шамамен 40-қа жуықтайды. Оқушы тұратын аумаққа жақын шағын аудандардан іздеп жатырмыз. Үй арасын, көшелерді қарап жүрміз. Оның қолында ұялы телефоны бар. Алғашында оны сөндіріп тастаған. Біреулер арқылы тауып тұрмыз. Сол кезде қосып, байланысқа шықты. "Үйге келе жатырмын" деп дәл қай жерде екенін айтпай тұр",- деді еріктілер тобының үйлестірушісі.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады