USD
USD
USD

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқасқа ота жасалды

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 2 адамның жағдайы ауыр. Оның біреуіне ота жасалды.

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқасқа ота жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Індетке шалдыққан бір науқастың жүрек ырғағы күрт бұзылып, қосымша ем қабылдауға тура келді. Жүрегіне ота жасалып, жасанды ритм жүргізілді. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Аритмолог, кардиореаниматологтар тағайындаған ем қосымша жүргізіліп жатыр.

Тағы бір насқас бұрын қант диабеті, тыныс алу жетіспеушілігіне шалдыққан. Кешенді ем нәтижесінде екеуінің жағдайы тұрақтанды. Тағы екеуінің халі - орташа ауыр, өзгесінің денсаулығы бірқалыпты», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Айта кетейік, провизорлық, инфекциялық, карантиндік госпитальде 758 адам оқшауланып, ем алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.