USD
USD
USD

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 тамызда сағат 00.30 шамасында ЖБО-ның “102” телефонына Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында орналасқан автокөлік жөндеу шеберханасының қызметкерінің Renault Megane Scenic автокөлігін ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жоғалған көлікті табу мен ұрыны ұстауға бағытталды.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған автокөлікті Абай даңғылында байқап, 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты