USD
USD
USD

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды

 Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті.

Ақтөбеде көлік қаққан мектеп оқушысы оқиға орнында көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол оқиға орнында көз жұмды. Келеңсіз жағдай 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болды. «Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу« бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенет шыққан жағдайда да әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс», – деді Е.Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе