USD
USD
USD

Ақтөбеде GAP деп аталатын қаржы пирамидасы әшкере болды

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері GAP деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ktk.kz.

Ақтөбеде GAP деп аталатын қаржы пирамидасы әшкере болды
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған. 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушылар өздерін GAP тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшаларын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Бұл ретте азаматтар кезекке тұру үшін тұрғын үй немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнасын төлеуі қажет болды. Осылайша, ұйымдастырушылар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз еткен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген департамент таратқан мәліметте.

Айта кетейік, қаржы пирамидасына қатысты кез келген деректі Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға хабарлауға болады.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.