USD
USD
USD

Ақтөбеде ер адам шіркеуден ақша ұрлаған

Шіркеуде қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланды.

Ақтөбеде ер адам шіркеуден ақша ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбелік полицейлер тәулік ішінде шіркеуде болған қайырымдылық қорапшасының ұрлығына қатысты қылмысты ашты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 15:00 шамасында Мәметова көшесіндегі Әулие Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар үй-жайға кіріп, қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткен. Полицейлер дереу оқиға орнына барып, аумақты тексерді және куәгерлерден жауап алды.

Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты