USD
USD
USD

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала көз жұмды

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала қаза тапты.

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бала осы уақытқа дейін комада жатқан. Өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылып, реанимацияда болған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді, деп хабарлайды  “Диапозон” басылымы.

31 мамырда 9 жасар бала қаланың ескі бөлігіндегі қаңырап бос тұрған элеваторға құлап кетеді. Облыстық балалар ауруханасына оны ес-түссіз, көптеген жарақаттармен және гипотермиямен алып келген. Бұдан бөлек, балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және абразиялар болды.

Бала комада болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған реанимацияда болған. Оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, баланың 18 маусымда 22 сағатта көз жұмғанын хабарлады. Баланың алған жарақаттары өте ауыр болған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт