USD
USD
USD

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының Полиция департаменті 26 қазанда Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Осы қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды.

Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды.

Бұл клубтың лиценциясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта Полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына тексеріледі. Қылмыстық істің тергелу барысы туралы ақпарат қоғамға қадағалау органымен келісім бойынша ұсынылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов