USD
USD
USD

Ақтөбеде екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, деп жазды mgorod.kz сайты.

Ақтөбеде екі бала суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған. 

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен.  Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған.  Сағат 18:30-да олардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр.  Ұлдардың екеуі де 12 жаста.

Құтқарушылар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы