Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбеде екі бүйрегі де жұмыс істемейтін әйел аман-есен босанды

Ақтөбе облысында екі бүйрегі де жұмыс істемейтін әйел босанып, өмірге сәби әкелді. Мұндай жағдай соңғы рет бұдан он жыл бұрын болған, деп жазды inbusiness.kz.

Ақтөбеде екі бүйрегі де жұмыс істемейтін әйел аман-есен босанды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE.  «Жас босанған ана 1995 жылғы Таланды Беркімбай, 2019 жылдың наурыз айынан бері екі бүйрегі істен шығып, ауыстырмалы бүйрек терапиясына көшірілген, содан бері аптасына 3 рет 4 сағаттан гемодиализ қабылдайды», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Таландының гемодиализге байлануына сәтсіз жүктілік себеп болыпты. Дәрігерлер содан кейін, оның сәбилі болуына үзілді-кесілді қарсы болған. Себебі мұндай жағдайда дені сау бала туу медициналық көрсеткіш бойынша мың адамға шаққанда біреу ғана екен. Бұл жолы да ақ халаттылар консилиумы оған жүктілікті үзуді ұсынады. Ана болуды қатты қалаған Таланды одан бас тартқан.

Сөйтіп Таланды Беркімбай 3 наурыз күні Ақтөбе медициналық орталығында кесір тілігі арқылы аман-есен ұл баланы дүниеге әкелді. Жеті айлығында салмағы бір жарым келі болып туған нәресте салмақ жинап, оңалып анасымен бірге 14 сәуір күні үйіне шықты.

«Тек бастапқы кезде ғана қорқыныш болды. Көптен күткен, өзіміз қалаған сәбиіміз болғасын ештеңеге алаңдамадым», – дейді Таланды. Дәрігерлер бұл жағдайды ғажайыпқа теңеп отыр. Облыста қазіргі күні бес жүздің үстіндегі адам гемодиализге тәуелді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық