USD
USD
USD

Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісіне ар-намысына тиетін сөздер жазылған хабарлама жіберген ер адам сотталды

Ақтөбе соты бұрынғы сүйіктісі мен оның анасына мессенджерде ар-намысқа тиетін сөздер жазған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісіне ар-намысына тиетін сөздер жазылған хабарлама жіберген ер адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға қыздың анасы арызданған. Кейін анықталғандай, жас жігіт қыздың жүкті екенін білген соң оны тастап кеткен. Бойжеткен баланы дүниеге әкелуді ұйғарғанда, жігіт қыз бен оның анасына ар-намысқа тиетін сөздер жазылған хабарламалар жібере бастаған.

Сотта жігіт кінәсін мойындамады. Ол жәбірленушілерге тіл тигізгенін жоққа шығарған. Арызданушы балағат сөздер болғанын, жігіт баладан құтылуын талап еткенін алға тартты. Бұған қоса жігіттің үйлі-баранды екені анықталды.

Моральдық өтем ретінде жәбірленушілер сотталушыдан бір миллион теңге талап етті.

Сот ер адамды ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, балағат сөздер айтқаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім бойынша ол 50 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде жәбірленушілерге 400 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция көлігі