USD
USD
USD

Ақтөбеде бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Ақтөбеде бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде бірнеше тұрғынның ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арыз берді. Жәбірленушілердің айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз адам мемлекет беретін өтеусіз гранттар шеңберінде ақша алуға көмектесуді ұсынып, аңғал тұрғындардың 180 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі ақшаларын иеленген. Алайда ол берген уәдесін орындамаған және тұрғындардан алған ақшаны да қайтармаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 2,5 млн теңгеден асты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты