USD
USD
USD

Ақтөбеде бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Ақтөбеде үш адам суға кетті. Оның екеуі бір отбасының екі баласы.

Ақтөбеде бір үйдің екі баласы суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Ақтөбе қаласында болды. Сағат 14:18-да облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік бөліміне хабарлама түсті. Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын алабының көпір маңында бір адам суға кеткен. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған қауіпті жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.

«Ақтөбеде сағат 19:30-да тағы да хабарлама түсті. Заречный-1 тұрғын алабындағы көпір маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға кетіп қалды. Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі де бір отбасының баласы. Бұл жер – суға түсуге тыйым салынған аумақ. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті суға түсудің ережесін сақтауды сұрайды. Ішімдік ішіп, жағажайға бару қауіпті. Балаларды да көзден таса қылмау керек. Әрі жағажай арнайы рұқсаты бар орын болғаны жөн»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу