USD
USD
USD

Ақтөбеде балаларға арналған бассейннің суы 5 жылдан бері ауыстырылмаған

Ақтөбеде «Достық» спорт кешеніндегі бассейннің суы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған. Бес жыл бойы суы жаңартылмаған хауызға 800 ден астам бала түсіп, жүзу спортымен айналысып келген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ақтөбеде балаларға арналған бассейннің суы 5 жылдан бері ауыстырылмаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін ата-аналар шағымданып, балаларының үстері бөртіп кеткенін және жөтел пайда болып, аллергиялық дертке шалдыққанын айтқан.Олар бассейнде хлордың көлемі тым көп деп күдіктенді.

Осыдан соң судан сынама алынып, арнайы тексеру басталды. Нәтижесінде бассейннің суы соңғы рет 5 жыл бұрын ауыстырылғаны анықталды.

- Жалпы бассейндегі суды соңғы рет 2017 жылы ауыстырған. Өйткені, бұл қымбатқа түседі. 7 миллион теңге. Жалпы бассейнде сүзгілер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сондықтан ол суға түсуге болады. Тағы да сынама алдық, енді соның нәтижесін күтеміз, - деді Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің бас маманы Әділбек Ділжанов.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері