USD
USD
USD

Ақтөбеде балаларды таяқтаған балабақша жұмысын тоқтатты

Ақтөбеде қызметкерлері бүлдіршіндерді ұрып-соқты деп айыпталған жекеменшік балабақша жабылды. Бұл туралы  КТК арнасы  хабарлады. 

Ақтөбеде балаларды таяқтаған балабақша жұмысын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық білім басқармасы мекемедегі заңсыздықтарға байланысты мемлекеттік тапсырыспен ақша беруді тоқтатқан.

Комиссияның тексеруінен соң мекеме құрылтайшысы жұмысын тоқтатқаны туралы әкімдікке хабар беріпті. Білім басқармасындағылар "Амир" балабақшасында санитария талаптары да сақталмай, бала тәрбиесіне жөнді қарамағынын енді біліп отыр. Ал бүлдіршіндердің таяқ жеуіне қатысты тергеумен полиция департаменті айныласуда. 

“Бүгінгі күннен бастап балабақша жұмыс істемейді. Ал осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен "Амир"  балабақшасына барып жүрген 70 баланы ата-аналар келісімімен басқа, Ақтөбе қаласында орналасқан балабақшаларға жібереміз”, – деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар