USD
USD
USD

Ақтөбеде автокөліктерді алып-сатумен айналысып келген қаржылық пирамида анықталды

Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша қаржылық пирамида ұйымдастырған. Салымшылардың көлігін бөліп төлеу арқылы, нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алып, үшінші тұлғаларға арзанырақ сатқан, деп хабарлады ҚМА.

 Ақтөбеде автокөліктерді алып-сатумен айналысып келген қаржылық пирамида анықталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Аталған қылмысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады. "Auto Seller" ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс жасаған.

Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады. Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленді.

"Auto Seller" ЖШС заңды мекен-жайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді.

Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар