Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан

Ақтөбеде биыл 8 айда 13 ана өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «8 ай қорытындысы бойынша бізде 13 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9-ы коронавирус инфекциясына байланысты болды. Коронавирус беймәлім инфекция болған соң жағымсыз әсерін тигізіп отыр. Көбіне тұрғындар медициналық көмекке кеш жүгінген, өз-өзін емдеп, сақтық шарасын ескермеген», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында Президент: «Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек», - деген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі