USD
USD
USD

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін такси жүргізушісі пышақтап кеткен

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтірген, деп хабарлады КТК.

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін такси жүргізушісі пышақтап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып пышақтаған. Қазір ол қамауда отыр.

Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

- Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді  Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья