USD
USD
USD

Ақтөбеде әкесі баласын көлігімен қағып кетті

Ақтөбеде бір жасар бала көлік астына түсіп қалды. Қазір ол ауруханада жатыр. 

Ақтөбеде әкесі баласын көлігімен қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаладағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға тіркелді. Әкесі баласын көлігімен қағып кетті.

«48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алды. Шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жолда, әсіресе аулада қырағы болуды сұрайды. Көліктің артында ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізу керек. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды көлік жүретін жолда ойнатпаңыз»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика