USD
USD
USD

Ақтөбеде аграрлық білім беру орталығының менеджері ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Ақтөбеде аграрлық білім беру орталығының менеджері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Менеджер өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатқан.

Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды.

3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігін сот анықтайды.

Тергеу мүддесіне сай ө зге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі