Ақтөбеде 709 адам тәртіп бұзып, 157 адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 709 адам тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. 21 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 675 құқық бұзушылық, оның ішінде 157 адам қамауға алынды, 199 айыппұл салынды, 286 ескерту жасалды, 24 материал сотқа жіберілді. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 34 бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 айыппұл салынды, 17 адам қамауға алынды. Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан, жүргізушіде қала ішінде жүруге рұқсат құжаттары болмаған. Жүргізушіге полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Әкімшілік сотпен жүргізуші 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір күнде 60 астам автокөлік айыппұл тұрағына жабылды.