USD
USD
USD

Ақтөбеде 60 адам аштық жариялады

Ақтөбеде мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеменің (МЕПМ) 60 емделушісі аштық жариялады, деп хабарлады ҚазТАГ.

Ақтөбеде 60 адам аштық жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «2 наурызда ертеңгісін 60 адам аштық жариялады. Оған «Әділет секьюрити» күзет мекемесі мен емделушілер арасында орын алған келіспеушілік себеп болған. Олар емделушілер палаталарындағы пышақтарды, ойын карталарын тартып алған. Үш сағат ішінде жағдай тұрақталды. Аталмыш мәселе өз бетінше шешілді», - деді Ақтөбедегі МЕПМ бас дәрігері Қыдырбек Әбішев сейсенбіде агенттік тілшісіне.

Ол атап өткендей, бүлік шығарушылар қазіргі таңда палаталарында, оларға жазалаудың қандай да бір түрі қолданылған жоқ.

Атап өтелік, жаңа күзет мекемесі 1 наурыздан бастап жұмысын бастады. Бұған дейін нысанды күзету қызметін «Бекбол секьюрити» ЖШС көрсеткен еді.

Қазіргі таңда мекемеде соттың шешімімен алты айдан үш жылға дейін 128 адам жатыр, оның ішінде 11-і әйел, 117-сі ер адам.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме