USD
USD
USD

Ақтөбеде 5 оқушы отырған көлік апатқа ұшырап, біреуі қаза тапты

Ақтөбеде оқушылар жол-көлік апатына түсті. Біреуі көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 5 оқушы отырған көлік апатқа ұшырап, біреуі қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 наурыз күні сағат 20:55-те Шалқар-Бозой тасжолында жол апаты болды. Кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылды.

«Салдарынан бір бала оқиға орнында қаза болып, ал төртеуі ауруханаға түсті. Ата-аналар, әр баланың өмірі қымбат екенін ескеріп, көлікті балаларға бермеуді сұраймыз», – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр.

«2008 жылы туған екі баланың да аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Ал бір бала жеңіл жараланып, амбулаториялық бақылауға алынды», – деп хабарлады Бекболат Ізбасаров.

Еске салсақ, 4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті