Ақтөбеде 1,5 мың адам пневмониямен ауруханаға түскен
Ақтөбеде 1,5 мыңға жуық адам пневмониямен ауруханаға түсіп, емделіп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин үкіметтің кеңейтілген жиынында мәлімдеген.
Алматы, NEGE. ҚазТАГ агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, аймақтағы жағдай ушығып бара жатқан секілді.
«Негізінде дәрігерлер коронавирус инфекциясынан емдеу алгоритмін ойластырды, сондықтан бізде ешқандай проблемалар жоқ. Ең үлкен жүктеме, былайша айтқанда – резонанс, пневмония проблемасымен байланысты. Қазір шын мәнінде, қаладағы ауруханаларда 1500-ге жуық адам емделуде », - деген О.Оразалин.
Дегенмен әкім індетпен күресте «оң үрдіс бар» екеніне президентті сендіруге тырысқан сыңайлы.
«Біз сіздің пікірлеріңізден тиісті қорытынды жасадық және барлық күш-жігеріміз пневмония проблемасын шешуге бағытталған. Бір аптаның ішінде біз 3 мамандандырылған уақытша мекемеде 1 мыңға жуық жаңа орын аштық. Бізде кереуеттердің резерві бар, бүгінде олардың 70% -ы жұмыс істеп тұр. Оған қоса, осы мекемелерде жұмыс істейтін 2800 дәрігермен толық қамтамасыз еттік», - дейді әкім.
Оңдасын Оразалин өзі айтқан «оң үрдіске» мынадай бір мысал келтіріпті. Алғашқы кездері күніне 120-130 адам пневмониямен ауруханаға түссе, бүгін 81 адам келген. Ал 161 науқас дертінен айығып, қатарға қосылған.