24 Маусым 09:38
...

Ақтөбеде 10 мыңнан астам адамды алдаған пирамида иелері сотталды

Фото:

  Ақтөбеде он мыңнан астам адамды алдап соққан қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды.

Алматы, NEGE. Канадалық компанияға инвестиция салуға шақырған алаяқтар үш ай ішінде салымшылардан 10 миллиард 46 миллион теңгеге жуық қаржы жинап алған. Олар қаражаттың мардымсыз бөлігін бастапқы салымшыларға қайтарған, ал қомақтысын қалтаға басқан. Қаржы пирамидасының кеңселері Ақтөбеден бөлек Шымкент, Атырау, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында да жұмыс істеді. Айыпталушы Ресей мен Қазақстан азаматтарының жәбірленушілер алдындағы қарызы екі жарым миллиард теңге шамасында.

Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Литвиненкоға 12 жыл, Москвинге 9 жыл, Қазыбаевқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар барлық сотталушылар 7 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарына басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. 

Тегтер: