USD
USD
USD

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ ер адам автобус айдаған

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобусты басқарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Автобус жүргізу
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында №8 қалалық бағыттағы жолаушыларды тасымалдайтын автобустың жүргізушісінде жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды.

Алимент бойынша берешегінің болуына байланысты сот ұйғарымымен аталған азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылған. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және автобус айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар, шара барысында ПАЗ қызметтік автобусты тиісті санатсыз басқарған жүргізуші анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 11-15 қаңтар аралығында облыс аумағында бойынша "Тасымалдаушы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманында» лауазымды адамдар ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов