USD
USD
USD

Ақтөбеде жол үстіндегі жанжал кісі ұрлауға ұласты

Ақтөбе облысында жол үстіндегі жанжалдан кейін ер адамды күштеп көліктің жүксалғышына салып, алып кеткен күдіктілер ұсталды.

Адам ұрлығы
Фото: видеодан скрин

Астана, NEGE. Оқиғаға жәбірленушінің жүргізушіге жасаған ескертуі себеп болған. Полиция мәліметінше, 102 арнасына бірнеше ер адамның бір азаматты күштеп автокөліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. Адам ұрлау сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

«Бейнежазба қылмыстың мән-жайын анықтау барысында полиция зерттеген негізгі дәлелдердің бірі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігі тоқтатылып, олар ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде басталған. Ол жүргізушінің әрекетіне ескерту жасағаннан кейін екеуі сөзге келіп қалған.

Кейін күдіктілер ер адамның үйінің маңына барып, оны күткен. Жәбірленуші таксимен шыққан кезде Lexus көлігімен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан. Одан кейін ер адамды күштеп көліктен шығарып, жүксалғышқа салып, алып кеткен.

Аталған факті бойынша адам ұрлау дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский