USD
USD
USD

Ақтөбеде жоғалған банк картасымен сауда жасаған екі күдікті ұсталды

Ақтөбеде полицейлер жоғалған банк картасымен сауда жасаған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға жоғалған банк картасынан белгісіз адамның бірнеше дүкенде 250 мың теңгеден астам сомаға сауда жасағаны туралы арыз түсті.

Бұл туралы жәбірленуші өзінің телефонына хабарламалар келе бастағанда ғана білген. Ақтөбеліктің жоғалтқан банк картасында 1 млн теңгеден астам қаражат болған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 18 және 20 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Анықталғандай, сәуір айының басында жас жігіттер банктік картаны тауып алып, сауда жасаған. Олар парфюмерия, киім мен аяқ киім сатып алған. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobede-politsejler-zhoghalghan-bank-kartasymen-sauda-zhasaghan-eki-kudiktini-ustady/

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж