USD
USD
USD

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің пәтерін өртеп жіберді

Ақтөбе қаласында жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі әріптесінің пәтеріне барып, от қойып кеткен. Себебін еңбек демалысына шыға алмағанымен түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қрт
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды. Жедел жәрдем қызметінің жүргізушісіне Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша айып тағылды. Жүргізуші от қою арқылы бөтеннің мүлкiн қасақана жойғаны үшін сот алдында жауап берді.

Оқиға биыл шілде айында болды. Сотталушы жұмыс кезінде әріптесімен ұрысып қалады. Нақтыласақ, кезекті еңбек демалысын бермегені үшін жанжалдасады.

«Сотталушы пәтердің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, жәбірленушінің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiрмек болады. Оның үйіне таксимен барып, өзінде болған қосымша кілтпен ашып кіріп, пәтер ішін аралайды. Кейін жатын бөлме есігінде ілініп тұрған шалбарды жағып кетеді. Оттықты ол ала барған. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен соттаушы кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы шығынның өтелуіне байланысты қанағаттандырылмады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи