USD
USD
USD

Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды

Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы ҰҚКД шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының алты азаматын анықтады, олардың үшеуі Қазақстан Республикасында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып, виза мерзімі өткеннен кейін елден кетпегені анықталды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде аталған шетелдіктер елге 2023 жылғы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік санаттағы визалар негізінде келгені анықталды.

Заңды болу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы тұлға олардың елден кетуі жөнінде шаралар қабылдамаған, сондай-ақ шетелдіктердің өздері Қазақстан Республикасынан өз бетінше кетпеген.

Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева