Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбеде заңсыз аңшылықпен айналысқан ауыл тұрғындары ұсталды

Ақтөбеде заңсыз аңшылықпен айналысқан ауыл тұрғындары тұтқындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 9 наурыз түнгі уақытта Қобда ауданы Қызылжар ауылының учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскесін аралау кезінде үйлердің бірінің ауласында бірнеше ер адамның елікті сойып жатқанын байқаған. Олардың екеуі жергілікті тұрғындар болып шықты.

Оқиға орнынан төрт елік ұшасы, екі пышақ, патрондар және тіркелген мылтық табылып, тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілерге тиесілі Mitsubishi Delica көлігі мен қарда жүретін екі көлік аудандық полиция бөлімі аумағына тұраққа қойылды. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша қосымша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер ТОЗ-34Р тіркелмеген мылтық және бірнеше патронды тапты.

Сондай-ақ аталған күдікті тіркелмеген қос ұңғылы мылтық, бірнеше гильзалар мен әртүрлі калибрлі патрондарды өз еркімен тапсырды.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам

«Әншілер – шайтанның азаншысы»: Жетісайдағы тойдан кейін қылмыстық іс қозғалды

қылмыстық іс

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан