USD
USD
USD

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласына барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын жасырын ұрлаған. Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды. 1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды. Баласының тәрбиесіне бейжай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция барлық ата-ананы бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек