USD
USD
USD

Ақтөбеде такси жүргізушілерін алдаған күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы 10-нан астам такси жүргізушісін алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында бірнеше такси жүргізушісінің алаяққа алдануы дерегі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті жігітті анықтап, Жаңаөзен қаласынан ұстады.

 Тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмыстық схемасын танымал InDrive қосымшасын пайдаланып жүзеге асырғаны анықталды. Ол такси жүргізушілерін осы қосымша арқылы тауып, WhatsApp мессенжерінде байланысқан. Клиенттің атын жамылған жігіт хат жазысу барысында қолма-қол ақшасының бар екеніне сендіріп, такси жүргізушілерін өз ақшасына супермаркеттерден азық-түлік жеткізіп беруге және өзі жіберген телефон нөміріне ақша аударуға көндірген. Сенімді көріну үшін қажетті азық-түліктің тізімін де жолдап, тапсырысты мекенжайға жеткізген соң, барлық шығынды қолма-қол өтейтінін айтқан.

Жәбірленушілер азық-түлікті сатып алып, «тапсырыс берушінің» жіберген телефон нөміріне ақша аударғаннан кейін, жігіт оларды бұғаттап, байланысқа шығуды бірден тоқтатқан. 10 такси жүргізушіге келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Қазіргі уақытта күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы