16 Наурыз 08:35
...

Ақтөбеде су шайған өткел нығайтылып, бірер сағатта қайта бұзылды

өТКЕЛ
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткелді қалпына келтіру кезінде құбыр салынды, құм толы қап төселді. Кеше кешкі сағат 17:30 шамасында көліктер арғы бетке өткенімен, бірер сағатта қайта бұзылды.

Алматы, NEGE. "Су деңгейі төмендейді, сосын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай толық реттелгенше құтқарушылар, әскери бөлім қызметкерлері сол жақта болады.

Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігінде су тасқынына қарсы штаб отырысы өтті.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жанабергеновтің мәліметіне сәйкес, облыс орталығы мен бірнеше ауданда өзендердің қауіпті аумақтарында жүргізілген мұз жару жұмыстары аяқталды. Еріген қар суларын сору, қар шығару, су арналарын кеңейту, арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, синоптиктер күн жылына түсетінін хабарлады.

- Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде сынап бағаны 16 градусқа дейін күрт жоғарылайды. Сондықтан дайындық шараларын мейлінше күшейту қажет. Барлық күш-жігер су тасқынының алдын алу шараларына бағытталуы тиіс. Аула аумақтары мен жол жиектерінен қар шығару және су айдау жұмыстарын жеделдету керек, дренаждық жүйелер мен арналарды бақылап, олардың толып кетпеуін және бітеліп қалмауын уақытылы бақылап отыру қажет. Әрбір жауапты басшы осы іс-шаралардың уақытылы орындалуына тікелей жауапты болады. Халықты және инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау мәселесі ең басты міндет болып қалуы тиіс», - деп өңір басшысы Асхат Шахаров.