USD
USD
USD

Ақтөбеде сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын қолды қылған

Ақтөбеде сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын қолды қылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Телефон ұрлығы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға ұялы байланыс салонының иесі дүкеннен телефондар ұрланғаны туралы арызданды. Кәсіпкер телефондардың жоғалғанын ревизия кезінде анықтаған.

Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асқан. Полиция тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің дүкенінде бұрын сатушы-кеңесші болып жұмыс жасаған әйелді анықтады.

Күдікті өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, телефондарды ұрлағанын мойындады.

Ұрлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық заңнамада сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі санкция көзделген.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов