USD
USD
USD

Ақтөбеде сарбазды ұрған сержант бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе гарнизонының әскери соты сержантты әскери өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.

сот үкімі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Сержант Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни жәбірленушінің денсаулығына елеулі зиян келтіруге әкеп соққан, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен шығатын әрекеттер жасады деп айыпталды.

Тергеу дерегінше, ол мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға жауапты бола тұра, сарбаздардың бірін ұрып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген.

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды және сот шығындарын ғана өндіруді сұраған.

«Сотталушының кінәсі сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушінің, куәлардың және сарапшының жауаптарымен дәлелденді. Ақтөбе гарнизонының әскери соты К.-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген әскери сот хабарламасында.

Бұған қоса, жәбірленушінің пайдасына 700 мың теңге моральдық өтемақы, сондай-ақ 900 мың теңге сот шығындары өндірілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы