USD
USD
USD

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

Ақтөбеде автогаз құю бекетінің аумағында көлік өртеніп, үш адам қаза тапты. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. 

.
Фото: Halyqstan

Астана, NEGE. Оқиға 19 маусым күні кешке Бөгенбай батыр көшесіндегі автогаз құю бекетінің аумағында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 22:55-те түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар барған. Мамандар өртті сегіз минуттың ішінде сөндіріп, жалынның автогаз құю бекетінің аумағына таралуына жол бермеген.

Өрт сөндірілгеннен кейін көлік салонынан үш адамның денесі табылды. Тағы бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 54 жастағы ер адам денесінің жоғарғы бөлігін күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Есін біледі, қажетті ем алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру