USD
USD
USD

Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деп ұсталды

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп, 72 жастағы әжесіне пышақ салды деп күдікке ілінді.

полиция
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Қаладағы пәтерлердің біріне шақырту бойынша барған жедел топ зорлық белгілері бар әйелдің мәйітін тапқан. Сол пәтерден пышақ жарақаттары бар 71 жастағы қария да анықталып, дереу ауруханаға жеткізілген.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаны облыстық балалардың құқын қорғау басқармасының басшысы Латып Әліби де растады. Оның айтуынша, қаза тапқан әйел – күдіктінің анасы, ал жараланған қария – әжесі.

«Баланың жасы 16-да. Толық отбасында тәрбиеленген, әлеуметтік жағдайы жақсы. Оқу үлгерімі де жақсы болған. Мінезі тұйық. Тергеуге байланысты қосымша мәлімет бере алмаймыз», – деді Әліби.

Жарақат алған әже №1 Ақтөбе қалалық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның есі анық, сөйлей алатынын және жағдайы тұрақты екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру