USD
USD
USD

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге жымқырған

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды. Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Сот шешімімен есепші Г. кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС

«Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров аудан әкімі болып тағайындалды

Айбек Нұғымаров