USD
USD
USD

Ақтөбеде магистратураға түсіремін деп бірнеше адамды алдаған әдіскер ұсталды

Ақтөбеде магистратураға түсуге көмектесемін деп жалған уәде берген әдіскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Магистратура
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Полицияға облыстың бірнеше тұрғыны белгісіз әйелге алданғаны туралы арызданды.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзі әдіскер болып жұмыс істейтін Ақтөбедегі жоғары оқу орнына магистратураға түсуге көмектесуге уәде беріп, олардан белгілі бір сомаға ақша алған, алайда уәдесін орындамаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі сомада ақша берген 11 жәбірленуші анықталды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсу конкурстық негізде жүргізілетінін, ал ақшалай сыйақыға түсу заңсыз болып саналатынын еске салды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым