USD
USD
USD

Ақтөбеде көпқабатты үйлерді жарықсыз қалдырған күдікті ұсталды

Ақтөбеде көпқабатты үйлерді жарықсыз қалдырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қыркүйек айының соңында Ақтөбеде бірнеше көпқабатты үйдің сыртқы жарық шамдары жанбай қалған. Жергілікті атқарушы орган жүргізген тексеру барысында үйлердің төбесінде орналасқан жарықшамдарға арналған кабельдердің ұрланғаны белгілі болды.

Ұрлық фактісі Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова даңғылдары мен Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің аумағында болды. Салдары қаланың басты көшелерінің келбетіне кері әсер етіп қана қоймай, жергілікті атқарушы органдарға 350 мың теңгеге жуық материалдық шығын әкелді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеп-тексеру барысында күдікті үш эпизод бойынша да өз кінәсін мойындады. Ол қылмысқа жарықшамдар жанбай тұрған кезді пайдаланып, күндіз барғанын айтты. Күдікті үйлерге кіреберістер арқылы емін-еркін кіріп, төбеге көтерілген. Қажетті сымдарды кесіп алған соң, оны қала сыртына апарып өртеп, ішіндегі мыс сымдарды металл қабылдау пунктіне өткізген. Полиция бірнеше рет ұрлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта күдіктінің ісі қалалық соттың қарауында. Күдікті қылмыстық заңнамаға сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру