2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ақтөбеде қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы әуе рейсінен түсірілді

Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе-Шымкент бағытындағы әуе кемесі командирінің актісіне сәйкес, 48 жастағы Түркістан облысының тұрғынын рейстен түсірді.

Полиция қызметкерлері тексеру кезінде ішімдіккке сылқия тойған азаматтың өзін дөрекі ұстап, экипаждың талаптарын орындамағанын, авиакомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқанын анықтады. Тіпті, полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, қасақана қарсылық танытқан.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен яғни, қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті