USD
USD
USD

Ақтөбеде қызмет барысында қаза тапқан полицей құрметіне әскери дайындық кабинеті ашылды

Ақтөбеде полиция аға лейтенанты Руслан Жолдыбаев атындағы алғашқы әскери дайындық сыныбы ашылды, деп хабарлады 24.kz.

Полицей
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшысы 2011 жылы Шұбарши ауылы маңында қылмыскерлерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан еді. Әріптестерінің айтуынша арнайы жасақ жауынгері ауыр жарақат алғанына қарамастан атысты тоқтатпаған.

Дайындық сыныбы Руслан білім алған номері 13 мектепте ашылды. Мұнда 6-сыныптың 25 оқушысы тәлім алады. Полиция қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында өткен шараға батырдың анасы, жары мен қызы қатысты. 

Тәуелсіздік алғалы елімізде ішкі істер саласының 817 сақшысы қызмет барысында мерт болды. Олардың 9-ы ақтөбелік полицей.

Алтын Жолдыбаева, Р. Жолдыбаевтың анасы:

 -Кішкентай балаларыма ақ жол тілеймін. Бақытты болып өссін. Ағаларының жолын қусын. Дендері сау болып, халықтың ақылды, парасатты азаматтары болсын!


Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы