USD
USD
USD

Ақтөбеде кекілік атып алған ер адам ұсталды

Ақтөбеде 21 кекілік атып алған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кекілік
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Мәртөк ауданы Құрмансай ауылы маңындағы автожолда Ақтөбе тұрғынының басқаруындағы Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Жүргізушімен бірге автокөлікте екі жолаушы болды. 

Тексеру барысында автокөліктің салонынан полицейлер сақтауға рұқсаты бар аңшылық мылтықтарды, сондай-ақ 21 кекілік ұшасын тапты.

“Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кекіліктерді аулауға қыркүйектің басынан қарашаның аяғына дейін ғана рұқсат етіледі.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта жануарлардың барлық түрлерін аулауға тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат