USD
USD
USD

Ақтөбеде ҚАЖД мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті анықталды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №70 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты.

Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады, – деп атап өтті басшылар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер